«Келін» телехикаясындағы үнді актері қайтыс болды

«Келін» телехикаясындағы үнді актері қайтыс болды

«Келін» телехикаясындағы үнді актері қайтыс болды
ашық дереккөзі
Елімізге «Келін», «Қазақша бизнес» фильмдері арқылы танылған үнді актері Сидхарт Шукла 40 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Кинократия порталы.
2 қыркүйек күні Мумбаи қаласында танымал актер жүрек талмасынан қайтыс болған. Сидхарт Шукланың артында анасы мен екі қарындасы қалды. Ол Болливудтағы танымал  актер, модель және продюсер,  тележүргізуші. Қазақстандық көрермендерге «Келін» телетоптамасындағы Шива рөлімен танылған. Қазақстанға белгілі әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысқан. Сонымен қатар отандық "Қазақша бизнес" фильміне түскен.
 width= Twitter қолданушылары танымал актер туралы естеліктер жазып жатыр.