Самал Смаханқызы: Елден бөлек, қоғамнан оқшау болғым келмейді

Самал Смаханқызы: Елден бөлек, қоғамнан оқшау болғым келмейді

Самал Смаханқызы: Елден бөлек, қоғамнан оқшау болғым келмейді
ашық дереккөзі
 Самал Смаханқызының есімі әлеуметтік желіде жақсы таныс. TikTok желісіне жариялаған видеосы миллионнан көп рет қаралыпты. Бала күнінде екі аяғынан айырылып, протезге тәуелді болып қалған бойжеткеннің арманы асқақ. Самалмен қоғамдағы ерекше жандардың мұң-мұқтажын талқылап, олардың әл-ахуалы төңірегінде әңгіме өрбіттік. – Самал, жақында жаңа жұ­мыс­қа орналасқаныңызды бі­ле­міз. Жалпы, елімізде ерекше қа­жеттілігі бар адамдардың жұ­мысқа орналасу деңгейі қа­лай? Өзіңіз де біраз уақыт ма­мандық бойынша жұмыс таба ал­мапсыз? – Жаңа жұмысым өзіме қатты ұнай­ды. Қызметім – SMM маманы. Не­гізгі мамандығым – жур­на­лис­тика. Жұмыстағы адамдармен де қа­рым-қатынасым жақсы. Ком­па­нияның Instagram парақшасы мен сай­тын жүргіземін. Елімізде мү­гедек­тігі бар адамдардың жұмысқа ор­наласуын жақсы немесе жаман деп айта алмаймын. Өзім де жұмыс іздеген кезде мүгедектігім туралы ай­тып, анықтаманы көрсеткен емес­пін. Жұмысқа орналасатын кез­де біраз қиындық болды. Бірақ ха­лыққа қызмет көрсету ор­та­лық­тарында түрлі деңгейде ерек­шелігі бар қызметкерлерді көрдім. Демек, жұмысқа орналасуға болады деген сөз. – Бір сөзіңізде «әр ата-ана мүм­­кіндігі шектеулі баласын ме­нің ата-анамның ұста­ны­мы­мен тәрбиелесе» депсіз. Отба­сыңыз, ата-анаңыз туралы кеңі­рек айтып берсеңіз. – Отбасымда анам мен төрт ағам бар. Әкем өмір бойы көлік жүр­гізушісі болды. Кейін шағын кә­сібін дөңгелетіп, кәсіпкер атан­ды. Анам еш алаңсыз бес баланы тәр­биелеп, үй шаруасымен ай­на­лыс­ты. Өйткені әкем біздің бар­лық жағдайымызды жасады. Осы­дан алты жыл бұрын әкем дү­ние­ден өтті. Тұрмысы жақсы от­ба­сын­да дүниеге келіп, ешқандай тар­шы­лық пен жоқшылық көрмедім. Қа­тарластарымның алды болып өстім. Әкем тапқанының бәрін ма­ған жұмсаған. Ана тілімізде сөй­леп, ұят деген ұғымды санаға сің­діріп, тәрбие алып өстім. 8-сы­нып­қа дейін әкем айтқан ертегімен ұйық­тадым. Түнгі 3-те балмұздақ жегім келсе, ауылдағы дүкеннің са­тушысын оятып, маған бал­мұз­дақ әкеліп беретін. Әкем мен төрт ағамнан тек жақсы пікір естіп өстім. Үйден жылылық көрмеген қыз баласы сырттан көмек күтеді. Қыз баланың тәрбиесінде әкенің рөлі өте зор. Қазір маған ер адам та­рапынан жақсы сөз айтылса, мен оған қуанбаймын. Жай ғана рақ­мет айтып, бас изеймін. Өйт­ке­ні әкем мен ағаларымнан түрлі мақ­тау мен мадақты естіп өскен­мін.  width= – Бойыңыздағы ерек­ше­лі­гіңіз­ді көпке дейін жасыруға қо­ғамдық комплекс себеп бол­ды ма? Қазір тағдырға мойын­сұ­нып, сол болған оқиға тура­лы айтып беруге дайынсыз ба? – Қоғамдық комплекс себеп бол­ды деп айта алмаймын. Өйт­ке­ні менде өзін-өзі жақсы көру, ба­ға­лау сезімі жақсы дамыған. 23 жыл бойы дене бітімімдегі ерек­ше­лік­тен ұялған емеспін. Ата-анам ме­ні өз бағамды білетін адам етіп тәр­биеледі. Бұл қыз бала үшін ауа­дай қажет тәрбиенің бөлшегі еді. Қыз бала өзін бағалай білуі керек. Менің әкем: «Қазақстанда қанша қыз бар, бірақ ең әдемісі – менің қызым. Менің қызыма ханзададан бас­қа ешкім тең емес», – деп мені жі­герлендіретін. Алғаш протезді де әкем кигізіп, жетектеп жүргізіп үй­реткен. Сабақтан «үштік» баға алып келсем, менің көңіл күйімнің түс­пеуін қадағалап, маңдайымнан сүйіп отыратын. Менің дене біті­мімдегі ерекшелікті жіпке тізсем, оның мәні неде?! Ес білгелі өзімді «ерекше адамдардың» қатарына қос­қан емеспін. Әкем де «Біздің үй­де мүгедек бала тұрмайды» деп оты­ратын. Толыққанды адам қа­тарына қосылуыма осы сөз жетіп жа­тыр еді. Бірде әкем: «Ақ­саң­да­ғаның – мүгедектігіңді мойын­дағаның» дейтін. Көшеде ба­ла­лар­ды көрсетіп: «Сен мына бала­лар­дың аяғын көріп тұрсың ба?», – дейтін. «Иә» десем: «Олардың бә­рі­нің аяғы бірдей, ал сенікі бас­қаша, демек сен өзгешесің», – деп үй­рет­ті. Үйге қонақ келсе, дереу менің ая­ғымды кигізіп қоятын. Ешқашан ая­нышты етіп, жарты аяғымды көр­сеткен емес. Содан болар, мүл­дем мүгедектік туралы ойламадым. Әкем мен анамның тәрбиесінің ар­қасында мүгедектігімді мойын­дамай бойжеттім десем болады. Сау адамдардан түк те айыр­ма­шы­лығым болмағандықтан, айна­лам­ның дені протез киетінімді біл­меді. Бір күні көп жылдан бері жа­сырған құпиямен бөлісетін кез­дің жеткенін сездім. Себебі мү­гедектігі бар тұлғаларға деген қо­ғамның көзқарасы өзгеше екен. Мүгедек адамның өзінде ұялшақ қа­сиет басым болады. Мен олар­мен бір толқында өмір сүретін бол­ғандықтан, психикалық жай-күйін өте жақсы білемін. Осыдан кейін аяғымды толық көрсету туралы батыл қадамға бардым. Жаныма екі құрбымды ертіп алып, фотосессия жасадық. Әлеуметтік желіге салатын видео әзірледік. 18 мил­лион халықтың талқысына салу­ға рұқсат етіп, темір аяқпен би­ледім. Аяғымнан айырылу оқи­ғасын баяндауға дайынмын, уақыты келгенде айтып беремін. – Ерекше қажеттілігі бар тұл­ғалармен қаншалықты жиі ара­ласасыз? Олардың мәселе­лері­мен таныссыз ба? – Мені елең еткізген тіркес ерек­ше қажеттілігі бар тұлғалар сөзі болды. Біздің құлағымыз «мүм­­­кіндігі шектеулі жандар» де­ген сөзге үйреніп қалыпты. Мүм­кін­дігі шектеулі адам қоғамға шек­сіз мүмкіндікті қалай береді? Сон­­да он екі мүшесі сау адамның мүм­кіндігі шексіз де, мүгедектің мүм­кіндігі шектеулі ме?! Олай ой­лау – қате. Шектеулі мүмкіндік – адамның миында. Айналамда өте көп араласатын адамдар бар. Олар­мен байланысым үзілген емес. Жыл сайын протезбен қам­тамасыз ететін орталыққа барып, протезді жаңартып отырамын. Сол кезде біраз адамдармен танысып, әңгімелесеміз. Түрлі тағдыр иесі бар. Бір байқағаным, оларда қор­қы­ныш бар. Көзіңіздің қиығымен қара­ғаннан-ақ ол адам мазасыз­да­нып, тыпыршып кетеді. Өзінен-өзі қуыстанып қалады. мүге­дектігі бар барлық тұлғаның басындағы бір-ақ қорқыныш бар: ол – қоғам бізді қабылдамайды деп қорқуы. Мү­гедектердің әлемі бөлек деп ойлайды. Адамдар екіге бөлінеді: қарапайым және ерекше. Артық бөліністің қажеті жоқ. – Әлеуметтік желі арқылы көп­шілікке танылдыңыз. Өмі­ріңізге қандай өзгеріс әкелді? – Қоғам мүгедектерді 100 пайыз қабылдамайтынын көр­сет­ті. Бұған менің көңілім толмайды. Бұл істі бастаған соң, аяғына дейін жеткізгім келеді. Ерекше адамдар­ды қоғамға араластыруға ниет­ті­мін. Олармен қалай сөйлесіп, қан­дай қарым-қатынас орнату кере­гін түсіндіргім келеді. Ерекше адамдар мен қарапайым адам­дар­дың бір-бірінен еш айыр­ма­шы­лығы жоқ екеніне қоғамның көзін жеткізгім келеді. Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген сияқты ха­лық­қа берері бар азаматпен та­ны­сып, әріптес болдым. Басқа қыз­мет­керлерге жұмыс барысында қан­дай ескерту айтса, маған да кем­шін тұсымды айтып, бағыт-бағ­дар берді. Жақсы жалақы та­ғайын­дап, тұрақты ем алуыма да жағ­дай жасады. Бұл – қоғам көз­қара­­сының өзгергенінің кіш­кен­тай көрі­нісі. Тағы бір жақсы жаңа­лы­ғым бар. Алматы облысы Талғар қа­ласында «Медикер» деген протез ор­талығы бар. Сол жерде өзіме ар­нап екі түрлі протез жасалынып жа­тыр. Бірі – тауға шыққанда кие­тін спорттық протез болса, екін­шісі – биік өкшелі аяқ киімге ар­­­налған протез. Спорттық про­тез­бен емін-еркін секіріп, жүгіруге бо­латынын естігенде қатты қуан­дым. Үш ұйықтасам да түсіме кір­мепті, протезбен туфли киемін де­ген ой. Жалпы, еліміздің меди­ци­насының дамығанын да көруге бо­лады. Мүгедектігі бар тұлға­лар­дың неге мұқтаж екенін ескеріп, отан­дық өнім етіп шығарып жат­қандары қуантты. – Болашаққа қандай жос­пары­ңыз бар? – Анамның жиі айтатын сөзі бар еді. «Барлық қиындықтың соңы бақытты сәтпен аяқталады» де­ген. Мүмкіндігі шектеулі тағ­дыр­ластарым мені көріп, «Мына қызды қоғам қабылдады қой, де­мек мені де қабылдайды», – деп соңым­нан еретіндеріне сенемін. Ерек­ше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға айтарым, баланы қоғам назарынан таса қылмаңыз! Оны басқа балалардан бөліп не­месе тастап кетпеңіз. Баласын ата-ана қабылдағаннан кейін ба­рып, қоғам қабылдайды. Арманым өте көп. Соның бірі – тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға жәрдемдесу. Жыл сайын менің арқамда бір бала шет елде ем алып, денсаулығын жақсартса – менің арманымның орындалғаны. БАҚ беттерінде мүгедектерді де сау адам сияқты қабылдау керегін кө­бірек насихаттаса деймін. Сонда ғана қоғамнан шеттетілмей, то­лық­қанды адам екенін сезіп, өмір сүруге құштарлығы оянар еді. – Әңгімеңізге рақмет!

Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА