Air Astana IATA Travel Pass қосымшасын тестілейді

Air Astana IATA Travel Pass қосымшасын тестілейді

Air Astana IATA Travel Pass қосымшасын тестілейді
ашық дереккөзі
Air Astana 2021 жылғы 2 қыркүйек пен 16 қыркүйек аралығында IATA Travel Pass қосымшасын Нұр-Сұлтан-Стамбұл-Нұр-Сұлтан халықаралық бағытында тестілеуден өткізеді. IATA Travel Pass мобильді қосымшасы Ха­­­лықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) жолаушылардың ПТР тесті мен вак­ци­нация туралы ақпаратын шет елдердің са­нитарлық талаптарымен біріктіру үшін жа­салған. Қосымша сонымен қатар ПТР тес­тін алуға арналған сертификатталған зерт­ханалардың жаңартылған тізіміне қол жет­кізуге мүмкіндік береді. «IATA Travel Pass эпидемиологиялық шек­теулер кезінде халықаралық рейстерді ер­те жандандыруға көмектеседі», – деді Air Astana әуекомпаниясының жердегі қызмет жө­ніндегі вице-президенті Александр Не­бога. «Қосымша халықаралық рейстерді ұйым­дастыруды оңтайландырады, жолау­шы­ларға ұшатын елдің талаптарын тез білу­ге мүмкіндік береді сондай-ақ жолау­шы­лардың әуе­жай қызметкерлерімен бай­ланысын азай­тады, жалған ПТР тесті мен вакцинация сер­тификаттарының жағ­дай­ларын бол­дыр­майды». Air Astana-мен бірге әлемнің 70-тен ас­там әуекомпаниясы халықаралық бағыт­тар­да IATA Travel Pass қосымшаларын тес­ті­леп жатыр.