Қарашаңыраққа қарап бой түзейді

Қарашаңыраққа қарап бой түзейді

Қарашаңыраққа қарап бой түзейді
ашық дереккөзі
Еліміздің ғылым-білім саласына орасан зор үлес қосып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Ота­нымыздан тыс жерлерге де белгілі аса ірі білім ордасы. Осыдан сексен жеті жыл бұрын ашылып, содан бері қазақ білімі мен ғы­лымына мол үлес қосып келе жатқан университеттің түлектері Қа­зақстанның барлық саласында табысты еңбек етіп, қазақ елінің дамуына зор пайдасын тигізіп жатқаны белгілі. Қазақтың талай тұлғалы аза­мат­тары басқарған ҚазҰУ-ды биыл ақпан айынан бастап фи­ло­логия ғылымдарының докторы, про­фессор Жансейіт Түймебаев бас­қарып келеді. Еңбек жолын осы уни­верситеттен бастаған Жансейіт Қан­сейітұлы – бірнеше елде елшілік қыз­мет атқарған, облыстарды бас­қар­ған, Білім және ғылым министрі бол­ған, сондай-ақ Қазақстан халқы Ас­самблеясы төрағасының орын­ба­сары лауазымында табысты еңбек ет­кен азамат. Қазақ ұлттық университеті – еліміздің ең негізгі жоғары оқу орны ретінде өзге ЖОО-ларға үл­гі боларлық білім ордасы. Алайда оны басқаруға Ж.Түймебаев кел­ген­ше жұртшылық тарапынан ҚазҰУ-дың сынға ұшыраған кезі аз бол­ма­ды. Енді сол кеткен кемшіліктердің бәрі­нің орнын толтырып, уни­вер­си­тетті жаңа деңгейге көтеруге жаңа ректор шындап кірісіп жатыр. Әрине, белгілі бір оқу ордасын бас­қарған адам соның көр­кеюі­не, дамуына тікелей жауапты, де­сек те ол үдеден ҚазҰУ-ды бас­қар­ғандардың бәрі шыға бермегені анық. Әйтпесе, Жансейіт Түймебаев бас­қаруға келгенше Ұлттық уни­вер­си­тетте бүгінде жоюға тура келіп жат­қан кемшіліктер болмас еді ғой. Еліміздің оқу орындарында әлі күнге толық шешімін тап­паған басты мәселенің бірі − сту­денттерге арналған жатақхана мә­селесі. Бұл проблема ҚазҰУ-де де бар. Қазір соны шешу жолында қызу жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Атап айт­қанда, биылғы оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа оқу жылында заманауи үлгіде күр­делі жөндеуден өткен оқу ғи­марат­тары мен жатақханаларды пай­да­лануға бермек. Сондықтан ректор күн сайын құрылыс барысымен та­­нысып, әлі де қалпына келтіру жұ­мысы аяқталмаған нысандарды жос­парға сәйкес аяқтау үшін бәрін өзі тікелей бақылап отыр. Жөндеу бары­сында тек сапалы құрылыс ма­териалдары қолданылып, ректор тапсырмасымен жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға дайын болу үшін құрылысшылар саны кө­бей­тілген. Шынын айту керек, ҚазҰУ-дың кейбір жатақхана­лары­на 15-20 жылдан бері күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізілмеген. Еден­дегі линолеумдардың тозығы же­тіп, сантехникалық жүйелердің көбі істен шыққан. Сондықтан ал­да­ғы екі жылда барлық жатақханаға күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізіл­мек. Яғни, жатақ­ханалардың қа­бырғасын қалдырып есік-терезе, құ­быр жүйелері, шатыры бәрі ауыс­тырылып, жаңадан жасалатын бо­ла­ды. Бүгінге дейін университет ау­мағында орналасқан 14 жа­тақ­хана студенттердің қоныс­тануы­на әзірленіп, студенттер игі­лі­гіне ұсынылды. Оның ішінде №6 Студенттер үйіндегі жөндеу жұ­мыс­тары бітуге жақын, №4 және №7 жа­тақханалардағы күрделі жөндеу жұ­мысы қыркүйектің соңына дейін жал­ғасып, қазан айында студент­терге берілуі тиіс. Ал өзге жатақ­ха­на­лар студенттерді қабылдауға дайын. Бұдан басқа университеттің үш оқу ғимаратында күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Ғимараттардың есік, терезелері және едені толығымен ауыстыры­лып, бұрынғы тозығы жеткен линолеум төсеніштердің орнына қа­зір сапалы жаңа ламинаттар тө­селіп, аудиториялар жаңа үлгідегі заманауи дизайнмен әрленіп, бе­зендіріліп жатыр. Ал Масанчи кө­шесінде Философия және саясат­тану факультеті, колледж және оқу ордасының лицейі орналасқан төр­тінші оқу ғимаратына да кос­ме­ти­калық жөндеу жұмыстары жа­са­лып, студенттерді қабылдауға сақа­дай сай тұр. Сонымен бірге Саин көшесінің бойындағы Біліктілікті арт­тыру институтының жатақ­ха­насындағы жұмыстар да аяқталып, жа­ңа оқу жылына дайын болды.  width= Тамыз айының соңына жа­қын әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Túrkistan халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбаймен кез­дескен кезінде өзі басқарып отыр­ған университеттегі болып жат­қан жаңалық-өзгерістер туралы бы­лай деген еді: − Соңғы жарты жыл көлемінде Қаз­ҰУ-де біраз оң өзгерістер болды. Жылдағыға қарағанда біздің уни­верситеттен мемлекеттік грант алу­ға үміткерлердің саны үш еседен ас­ты. Ал магистратураға қабылдан­ған­дар саны 1 598 адамға жетті. Бұл да бұрынғы жылдармен салыстыр­ғанда едәуір артық. Сондай-ақ биыл шетелдік азаматтар мен докторан­тураны қоспағанда, университе­тімізге 6 440 студент оқуға қабыл­дан­ды. Оның ішінде орта мектепті «Ал­тын белгіге» бітірген 737 озат оқу­шы біздің студентіміз болды. Сапалы білім беру үшін уни­вер­ситет оқытушылар мен қыз­меткерлерінің жалақысын кө­термей болмайды. Бұл мәселе де біз­де шешімін тауып жатыр. Мә­се­лен, осы жылдың наурыз айында еңбекақыны 20 пайызға көтердік. Сон­дықтан жаңа оқу жылында оқы­тушы – 200 мың теңге, аға оқытушы – 280 мың теңге, доцент – 330 мың тең­ге, профессор 500 мың теңге жа­лақы алатын болады. Бұдан басқа фи­лософия докторы (PhD), ғылым кан­дидаты, ғылым докторы ғы­лыми дәрежесі, біліктілік деңгейі үшін де қосымша ақы төленеді. Қазақ ұлттық уни­вер­си­те­ті­нің ұжымы бүкіл ел және әлем бойынша университеттің одан әрі дамуының стратегиялық мін­дет­терін тиімді жүзеге асыру бойынша жұ­мыс атқаратын болады. Себебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 200 үздік университтер рейтингінде 165-орында көтерілген еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны. Қазір ҚазҰУ-да 533 ғылыми жо­ба жүзеге асырылып жатыр. Пандемияға байланысты ҚазҰУ санитарлық-эпиде­мио­логиялық қауіпсіздік талап­та­рын қатаң сақтау мақсатында оқу ғи­марат­тарын­а, жатақханаларға, кітап­ха­на­ға, университет ғимарат­тарына кіру үшін QR кодтары орнатылған Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асыры­лады. Биыл Қазақстан Тәуелсіз­ді­гі­нің 30 жылдығы. Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атау­лы мерекені өз дәрежесінде атап өту үшін негізгі іс-шаралар жос­парын бекіткен болатын. Соған сәй­кес, университетте тәуелсіздік та­рихына және Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың Қазақстан тари­хын­дағы сіңірген еңбегіне арналған ша­ралар өтті. Кампуста Елбасы сая­бағы, Ғалымдар бағы, Ағаштар ал­леясы ашылып, 1 000-ға жуық кө­шет отырғызылды. ҚазҰУ басшысы бұдан әрі қо­ғамдағы ауызбірлік пен елді өркендету жолында қазақ баспа­сөзі­нің рөлі жайында өз ойларын айт­ты. «Баспасөз қашанда елді тәр­биелейтін, халықтың болашағы үшін қызмет ететін сала ғой. Ол қо­ғамға ненің жетіспей жатқанын, қан­дай кемшіліктер кетіп жатқа­нын ашып айтып, соны шешу жол­дарын іздеуге жұмылдыратын күш қой. Сондықтан қазақ баспасөзі өзі­нің ежелгі қасиеті – ағартушылық қа­сиетінен айырылмауы керек», – де­ді Жансейіт Түймебаев. Иә, Әл-Фарабидей әлемге аты танымал данышпанның есімін иемденген еліміздегі іргелі оқу ор­ны қай жағынан да алда болғаны дұ­рыс. Өзгелер жетістігіне қарап бой түзейтін оқу ордасының жаңа­лық­тары көңіл қуантарлық.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ