Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі – министрлік

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Үкімет отырысында Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізілетінін айтты. 

«Бұл тұжырымдамада мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптары ескеріледі, сондай-ақ әйелдердің өмір сүру сапасын арттыру, ана мен баланы қорғау мәселесі өзекті болып қала бермек», – деді ол.

Сонымен қатар вице-министр Президент Жолдауын ақпараттық қолдау жұмысына да тоқталды.

«Жолдаудан кейін бірден сараптамалық қолдау басталды. Қазірдің өзінде Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіретін 150-ден астам спикер мен сарапшы тартылды. Кешеден бері барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде мыңнан астам материал жарық көрді. Бұл бағыттағы жұмыс одан ары жанданатын болады. Жекелеген медиа жоспар дайындалады», – деді Серік Егізбаев.

Back to top button