Ақтөбедегі мектептерден жарылғыш зат табылған жоқ - Полиция департаменті

Ақтөбедегі мектептерден жарылғыш зат табылған жоқ - Полиция департаменті

Ақтөбедегі мектептерден жарылғыш зат табылған жоқ - Полиция департаменті
ашық дереккөзі
2-қыркүйек күні сағат 07:20 шамасында Ақтөбе қаласындағы №1, 2, 21, 22 және 56 орта мектептерінің электронды поштасына «ғимаратқа бомба қойылғаны» туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлар тобы дереу оқиға орнына жетіп, ғимараттарды тексерді. Оқу орындарында оқушылар болған жоқ. Жарылғыш құрылғылар табылмады.  «Ақтөбе облыстық Полиция департаменті анонимді хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның айтуынша, мектеп поштасына түскен хабарлама кешегі хабарламаның дәл көшірмесі. Онда 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Мектеп әкімшілігі дереу полицияға хабарлап, бір сағат бойы тексеру жүргізілді. Кейін сабақ кестеге сәйкес жалғасты.