Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде мерт болғандардың отбасына 15 млн теңгеден беріледі

ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде мерт болғандардың отбасына 15 млн теңгеден беріледі

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы айтты, деп хабарлайды malim.kz. «Он бес адам қайтыс болды. Осы қайтыс болған қызметкерлерге тиісті көмек беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджеттен 10 миллион, жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге әлеуметтік төлем төленетін болды. Сондай-ақ несилері болса, көмек беру немесе қысқарту бойынша қазір банктермен жұмыс істеп жатырмыз», – деді Талғат Шадиұлы Aibat жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында.