Қазақтар америкалықтарға көкпар үйретпекші

Қазақтар америкалықтарға көкпар үйретпекші

Қазақтар америкалықтарға көкпар үйретпекші
ашық дереккөзі
«Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығы» құрылтайшыларының қатысуымен өткен семинар-кеңес аяқталды. Әлемнің спорттық ойындарына бейімделген көкпар ойыны ережесіне жаңарту, толықтырулар енгізілді, дейді BAQ.kz тілшісі.
Ендігі басты мақсат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында өтетін Көкпардан Әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қамдану. Ол үшін көкпар өрісін кеңейту қажет. Еуропа елдері мен Америка спортшыларын тарту керек. Бір қызығы, америкалықтар көкпар тартуды бірер жыл бұрын өздері бастап кеткен. "Интернеттің қалың қойнауында көкпарды америкашылап тартып жатқан бейне-көріністер бар болып шықты. Оларда да қазандық жоқ. Серкені шеңберге тастайды. Алаң аумағы да шамалас көрінді. Тақымға басып тарпады демесеңіз, кәдімгі біздің көкпар. Тіпті, осы күні аргентиналықтар да көкпарға белсене ден қойды деген дерек бар. Біздің көкпар мамандарына осы елдердің көкпаршыларын іздестіріп тауып, алдағы уақытта сол мемлекеттерге көкпаршылар дайындау мен көкпар аттарын баптаудың қыр-сырын үйретуге бару қажеттігі тапсырылды" - дейді семинар-кеңесті ұйымдастырушылар.