Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері туралы айтты

Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері туралы айтты

Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері туралы айтты
ашық дереккөзі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында "алтын" медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, "күміске" – 1000 АЕК, "қолаға" – 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ министр халықаралық олимпиада жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант берілетінін мәлімдеді. Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар мен тәлімгерлерге де біржолғы қаржылай сыйақы беру жоспарланып отыр.