Жаңалықтар

Банк саласындағы цифрлық көші-қон: Бәрі де отандық бизнес үшін

ашық дереккөзі

Банк саласындағы цифрлық көші-қон: Бәрі де отандық бизнес үшін

Банк саласы жаһандық пандемияға дейін де өз қызметтерінің бір сыпырасын онлайн нұсқаға көшіргенін жақсы білеміз. Алайда, ел ішінде өзін-өзі оқшаулау талабы өріс алғанда, екінші деңгейдегі банктер өнім желілерінің басым бөлігін онлайн форматқа көшіріп, қызмет түрлерін цифрландыруға барынша ден қойды. Бұл ұстаным, өз кезегінде, нарық ішіндегі цифрландыру үрдісіне елеулі қарқын берді. «Қазір банк клиенттері банктік қызмет түрлерін онлайн негізде рәсімдеумен қатар, өздерінің есеп шоттарын да, жүзеге асқан операциялардың тарихын да қашықтан бақылап, басқара алады, тіпті, қажет мәліметтерді де банкпен электронды негізде хабарласып, ала алады, - дейді ForteBank-тің Түркістан облысы бойынша филиал директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Мақсат Қарымсақов. – Банктердің цифрлық ұсыныстары жаңа технологияларды қолданумен ғана шектелмейді, біз, сондай-ақ бұл сервистерді үнемі жаңартып, модернизациялауға да ерекше мән берудеміз. Өйткені, цифрландыру үдерісі бүгінде банктердің бәсекелестік қабілетіне ықпал етіп отырған негізгі фактордың бірі». Айта кетейік, республика бойынша 20 шақты филиалы және 100-ден астам бөлімшесі бар ForteBank Қазақстандағы ең үздік ондық тізіміне кіретін ірі банктердің бірі. Өзінің ForteBusiness бағдарламасы аясында ForteBank таяуда шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған жаңа цифрлық қызмет түрлерін қолданысқа енгізді. - Бұл өнім бойынша қарыз алушы қандай талаптарды ескергені жөн? - Оnline овердрафт кредитіне үміт артқан кәсіпкердің бизнесі кредит беру күніне дейін кемінде 12 ай бойы жұмыс істеп тұруы керек. Сол сияқты, кредит алушы кәсіпкер банкке соңғы 12 айдағы кредиттік тарихын ұсынуы тиіс. Әрине, міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы шарт. Тағы бір ескеретін жайт – қаржыландыру сомасы кәсіпкердің таза табысының 50%-нан аспайды. Оnline овердрафт кредиті POS-терминал айналымына қарай да беріледі. Бұл тұрғыдағы кредит сомасы 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін. Негізгі шарттардың ішінде, мысалға, жеке кәсіпкердің бизнес тарихы кредит алуға өтінім берген сәтке дейін кем дегенде 6 айды қамтуы тиіс. Әрине, бұл арада да қарыз берешегі болмауы шарт және де мемлекеттік не өзге де ақпараттық ресурстарда жағымсыз сипаттағы мәліметтердің болмауы ескерілгені жөн. - Әлеуметтік желілерде ForteBank-тің корпоративтік карталарына ризашылық білдірген клиенттердің жазбалары кездесіп жатады. Бұл өнім шағын бизнес үшін несімен мәнді? - Төлем құралы ретінде корпоративтік карташынында да ыңғайлы және тиімді өнім. Біздің банктің клиенті ретінде ШОБ басшысы өз бизнесіндегі қызметкерлерге кез келген уақытта банктің корпоративтік карталарын рәсімдеп, біздің банкпен тиімді серіктестік орната алады. Бұл тұрғыда заңды тұлға үшін арнайы карточкалық шот ашылады. Корпоративтік карталардың бизнес үшін, кәсіпорындар үшін басымды тұсы – ұйым ішіндегі есептеулердің ашықтығы арта түседі. Сол сияқты, компаниялар өз қызметкерлерініңіссапар және өкілеттік шығындарын есепке алу барысын оңай ұйымдастырып, жеңілдете алады. Кеден қызметтеріне төлем жасай алады. Корпоративтік карта – ол чек кітапшасына, қолма қол ақшаға оңтайлы балама, мұны қазір кез келген қарапайым тұтынушы жақсы біледі.Біздің карталар бойынша PayWave байланыссыз төлем жасау мүмкіндігі де ескерілген. Айтқандай, біздің банк клиентіForteBank банкоматтары арқылы өз картасына кез келген уақытта ақша салып, толтыра алады және де бұл операция тегін. - Түркістан облысы бүгінде ел ішінде қарқындап дамып жатқан өңірдің бірі, бұл жергілікті бизнес ортаның мүмкіндіктеріне де елеулі серпіліс берсе керек. Облыстағы кәсіпкер қауымға банк маманы ретінде қандай кеңес, қандай ұсыныс айтар едіңіз? - Иә, түркі халқының қара шаңырағы, түркі елдерінің мәдени астанасы болып бекітілген Түркістан қазір шынында да қарқындап дамып келе жатыр.Соған сәйкес жергілікті бизнес те кешенді түрде өсіп-кеңеюде. Бұл тұрғыда ForteBank нарықтағы барлық бағыттар бойынша теңгерімді даму басымдығын ұстанғанды дұрыс санайды, өйткені біз отандық бизнестің тұрақты негізде өрістеп, өркендеуіне мүдделіміз. Қазірде Түркістан қаласының жаңа мәртебесіне орай, жергілікті кәсіпкерлердің алдында бұл өңірді тартымды туристік орталыққа айналдыру мақсаты тұр. Олай болса, қала ішінде және оның айналасында жаңа заман талабына сай қонақ үйлер мен бизнес-орталықтар салып, инфрақұрылымды дамыту, жаңарту қажеттілігі өзекті деген сөз. Сол сияқты, қала ішіндегі халық санының өсуіне орай, мектеп, бала бақша сынды әлеуметтік маңызы зор нысандарға деген сұраныс та өсе түспек. Ал бұл нысандарды орнатып, қолданысқа беру жергілікті кәсіпкерлердің міндетіндегі мәселе. Сондықтан да мен жергілікті кәсіпкерлерді ForteBank-тің бизнеске арналған кредиттік ұсыныстарымен танысуға шақырғым келеді. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» сынды мемлекеттік қолдау бағдарламалары да бар. Бұл бағдарламалар бойынша ағымдағы жылдың басынан бері ForteBank тарапынанкәсіпкерлерге 760 млн теңге көлемінде кредит берілді, қазіргі таңда 436 млн теңгеге кредит беру мәселесі қарастырылуда. Ескеретін жайт: мемлекеттік бағдарламалар бойынша алған кредиттерін кәсіпкерлер жылына 6% үстемемен қайтара алады. Яғни, «Бизнестің жол картасы 2025» ұсынысы бойынша жылдық мөлшерлеме 14% болса, оның 8%-ы мемлекет тарапынан, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша15% жылдық мөлшерлеменің 9%-ы мемлекет есебінен субсидияланады. Көріп отырғаныңыздай, бұл отандық бизнес үшін шынында да таптырмас мүмкіндік. Біздің банктің барлық өнімдері, барлық ұсыныстары отандық бизнестің өсіп-өркендеуіне ықпал етуге негізделіп, құрылған.