Ақтөбеде бүгін тағы «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат түсті

Ақтөбеде бүгін тағы «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат түсті

Ақтөбеде бүгін тағы «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат түсті
ашық дереккөзі

Ақтөбеде бүгін тағы «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласында кеше 6 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өтпеді. Полиция қызметкерлері мен саперлар жедел қимылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қылмыстық іс те қозғалды. Алайда бүгін тағы да бірінші кезеңде оқитын балалардың сабағы болмай қалды. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, тағы да «№2, 1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерде бомба бар» деген хабарлама түсіп, іздеу шаралары жүргізілді.
«Кешегі мектептерге сондай хабарлама тағы да хат түсті. Тиісті органдарға хабарлама бердік. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.