Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды
ашық дереккөзі

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды. Құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған құжатта.
Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Ол "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымын, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызмет атқарды.