Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды. Құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

«Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын», – деп жазылған құжатта.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған.
Ол «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымын, сондай-ақ президент әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызмет атқарды.

Back to top button