Ақмола облысында мемлекеттік қордан заңсыз 20 пәтер берілген

Ақмола облысында мемлекеттік қордан заңсыз 20 пәтер берілген

Ақмола облысында мемлекеттік қордан заңсыз 20 пәтер берілген
ашық дереккөзі

Ақмола облысының прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлуге қатысты заң бұзу фактілерін анықталды.

Тексеру кезінде облыстың барлық аудандары қамтылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы. Көкшетау қаласында бюджеттік ұйымның қызметкері 2017 жылы мемлекеттен алған пәтерді үшінші тұлғаларға жалға бергені анықталды. Қазір мәселе реттеліп пәтер көп балалы отбасына берілді. Астрахань ауданында 2017 жылы бюджеттік ұйымның қызметкеріне мемлекет пәтер берген, бірақ 2020 жылы бұл адам тағы бір пәтерді өз атына рәсімдегені анықталды. Пәтер 11 жыл кезекте тұрған жетім балаға берілді. Осылайша, тексеру қорытындысы бойынша мемлекетке 20 пәтер қайтарылыпты. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады.