2 қыркүйекте болған елеулі оқиғалар

2 қыркүйекте болған елеулі оқиғалар

2 қыркүйекте болған елеулі оқиғалар
ашық дереккөзі
(1992) Карелия жерінде алпыс жылға жуық уақыт жат топырақта жатқан қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың мәйітін Торғай облысы, Жангелдин ауданындағы өзінің есімімен аталатын ауылға әкеліп жерлеу үшін арнаулы делегация алыс сапарға аттанды. (1994) Алматыда Райымбек батыр кесенесінің салтанатты ашылу рәсімі болды. (1994) Қазақстандағы консалтинг қызметі нарығы көшбасшыларының бірі Tenir Project ЖШС-і құрылды. (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Морис Давидович Симашко Қазақстанның халық жазушысы атағын алды.