Жаңалықтар

Айнұр Жарахметова: Жолдау жаңа жігер береді, жауапты міндет жүктейді

ашық дереккөзі

Айнұр Жарахметова: Жолдау жаңа жігер береді, жауапты міндет жүктейді

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда Мемлекет басшысы елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, азаматтарды әділетті заңмен қамтамасыз етуге және жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттеді. Сонымен қатар, еліміздегі денсаулық, білім және мәдениет саласына да баса назар аударды. Жолдауды Нұр-Сұлтан қаласындағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы да ықыласпен тыңдап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен халқымыздың жарқын болашаққа бағдарын мақсат еткен Жолдау жайында өзара пікір алмасты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында егеменді еліміздің 30 жылдығымен құттықтай отырып, «Тәуелсіздік – ең қастерлі құндылығымыз» деді. Сонымен қатар, Жолдауда мәдениет саласына қатысты айтылған тың бастамалары бізге жаңа жігер берді. Мәселен, 2022-2025 жылдары аралығында мәдениет саласы, соның ішінде кітапхана және музей қызметкерлерінің айлық жалақысын 20 пайызға өсіру туралы айтылған бастама – осы салаға тың серпін берері сөзсіз, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директоры Айнұр Жарахметова.