Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

ашық дереккөзі

Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.