Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.