Бейәдеп сөз айтқаны үшін жұмыстан кеткен тәрбие ісінің меңгерушісі жаңа қызметке тағайындалды

Бейәдеп сөз айтқаны үшін жұмыстан кеткен тәрбие ісінің меңгерушісі жаңа қызметке тағайындалды

Бейәдеп сөз айтқаны үшін жұмыстан кеткен тәрбие ісінің меңгерушісі жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған кезде бейәдеп сөз айтып, сол үшін жұмыстан босатылған Ұлжан Елмұратова директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болды, деп хабарлайды ЭК.

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөліміндегілер педагогтың жаңа қызметке тағайындалғаны заңға қайшы деп шағымданып отыр.
"Ұлжан Елмұратова орын алған шулы оқиғадан соң моральға қайшы іс-әрекеттер жасағаны үшін қызметтен босатылған. Оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа бұрыңғы директор (Өмірзақ Ақбөпе) қол қойған. Ал оның орнына келген басшы міндетін уақытша атқарушы ол бұйрықтың күшін жойып, Елмұратованың директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлығынан шаруашылық жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындау туралы өтінішіне бұйрық шығарған. Ол — заңға қайшы. Біздің бөлімде әдіскер болып жұмыс істеп келген Ержан Мырзабеков бүгін А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Біз енді оған сол құжаттың күшін жою туралы ұсыныс дайындап жатырмыз. Яғни, Елмұратованың жаңа қызметке заңсыз тағайындалғаны туралы", — деді аудандық білім бөлімінің заңгері Маратжан Молдабаев.