Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды

Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды

Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды
ашық дереккөзі
Түркияда Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген айыппен 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Anadolu. Бұл жаз айларындаңы сәтсіз көтерілістен кейін Үкімет тарапынан қолданылған шара болатын.
 Resmi Gazete-нің ресми деректері бойынша 10 мың 131 жұмысшы жұмыстан босатылған. Оның ішінде 32-сі парламент шенеунігі, 183 адам кассациялық соттан, 2534 адам елдің әділет министрлігінен, 102-сі сыртқы істер министрлігінен, сондай-ақ 101 адам Түркияның Қарулы күштерінен, деп жазды gazeta.ru.
Сонымен қатар тағы 15 БАҚ, оның ішінде Dicle жаңалықтар агенттігі мен көптеген газет-журналдар жабылды. Олар Күрдістан жұмысшылар партиясының идеяларын насихаттағаны үшін айыпталды. 2016 жылғы шілденің 16-сына қараған түні Түркияда әскери төңкеріс ұйымдастыруға әрекет жасалған болатын. Түркия ұлттық барлау қызметінің мәліметінше, Анкара мен Ыстамбұлда бір мезгілде бүлік ұйымдастыруға қарулы күштер мен жардармения бөлімшелері қатысқан. Алдымен әскерилер Түркия спутникті тележелісі мен Doğan Media Group холдингі ғимараттарын басып алған. Оларда CNN Türk телеарналары мен Hürriyet газетінің редакциялары орналасқан. Әскери бүлікке қарсы миллиондаған түрік халқы көшеге шығып, аласапыран жағдай ақыры тынышталған болатын.