Жаңалықтар

2025 жылға дейін 1 000 мектеп салынады - Жолдау

ашық дереккөзі

2025 жылға дейін 1 000 мектеп салынады - Жолдау

2025 жылға дейін елімізде 1 000 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында айтты. Орта білім беру жүйесіндегі түйіткілді мәселенің бірі мектептегі орын тапшылығы. Қазіргі уақытта тапшылық 225 мың орынды құрайды. Бұл мәселеге қатысты шаруаны бүгіннен бастап қолға алмасақ онда 2025 жылға қарай мектептегі орын тапшылығы 1 млн-ға жетуі мүмкін. Бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін ел бойынша 800 мектеп салуды тапсырсам, бүгін ол көрсеткішті 1 мыңға жеткізу міндетін қоямын, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.