Үндістанның солтүстігінде белгісіз дерттен 70-ке жуық адам қайтыс болды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында тағы бір ауру тарады. Бұл туралы Уттар-Прадеш штатының денсаулық сақтау жөніндегі Бас хатшысының орынбасары Амит Мохан Прасад India TV-ге хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Ол ауруды анықтау бойынша зерттеулер әлі аяқталмағанын атап өтті, бірақ симптомдары дәл денге безгегінікі сияқты және маса арқылы таралады.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанда тараған белгісіз вирустық инфекция туралы ақпарат 30 тамызда пайда болды. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 68 адам аурудан қайтыс болды, олардың 40-ы балалар.

 

Back to top button