Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қызметін қайта қарауымыз керек - Мемлекет басшысы

Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қызметін қайта қарауымыз керек - Мемлекет басшысы

Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қызметін қайта қарауымыз керек - Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кешені мен қауқарын қайта қарап, мемлекеттік жоспар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаһандық жағдай шиеленісе түсті. Бұл біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Біз қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қызметін қайта қарауымыз керек. Мемлекетіміздің қорғаныс қауқарын күшейте түсу мен жаңа қауіпке жылдам әрекет ету мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бастысы сырттан төнуі мүмкін деген қауіптің алдын алу керек. Сол үшін де сценарий әзірлеп, оны сынақтан өткізу қажет. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-әрекет жоспары дайындалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.