Жер қойнауын игеру мүмкіндігі тыныш кабинеттерде шешілмеуі керек - Жолдау

Жер қойнауын игеру мүмкіндігі тыныш кабинеттерде шешілмеуі керек - Жолдау

Жер қойнауын игеру мүмкіндігі тыныш кабинеттерде шешілмеуі керек - Жолдау
ашық дереккөзі
Жер қойнауына қолжетімділік мәселесін тыныш кабинеттерде шешу әрекеті заңнан тыс әрекет болып саналуы керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында осындай пікір білдірді. «Әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу саласына серпін керек. Ұлт жоспары аясындағы Геологиялық ақпараттардың ашық базасын құру реформасы логикалық түйініне жеткізілуі тиіс. Ол базаның инвесторларға қолжетімділігі қамтамасыз етілсін. Жер қойнауы – бұл ұлттық игілік. Оған қолжетімділік мәселесін кулуарлық талқылаулар арқылы тыныш кабинеттерде шешу заңнан тыс әрекетке жатқызылуы керек. Тиісті органдар осы мәселе бойынша бақылауды қамтамасыз етеді», - деді Президент өз Жолдауында. Сонымен бірге, ол бұдан былай мемлекет банкирлерге көмектеспейтінін ескертті. «Стрестік активтерді азайту жөніндегі жұмыстардың маңызы зор. Біз шешім қабылдадық: мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Онымен бірге бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару маңызды. Бірақ ол тек қана нарықтық негізде жүруі керек. Ол үшін заңнамалық база қажет. Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге жыл аяғына дейін Парламентке заң жобасын ұсынуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.