Назым Қызайбайға танымал меценат үй салып берді

Назым Қызайбайға танымал меценат үй салып берді

Назым Қызайбайға танымал меценат үй салып берді
ашық дереккөзі
Белгілі меценат, спорт жанашыры Бауыржан Оспанов қазақстандық боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайға үй салып берді. Бұл жаңалығымен спортшы инстаграмдағы парақшасында бөлісті. «Салеметсіздер ме менің құрметті инста оқырмандарым! Мен 2014 жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді. Ал 2016 жылы мамыр айында Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы болып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда, маған және ата-ана,бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді. Міне, қазір сол үйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, Қазақтың спортқа барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мыңда бір рахмет!!! Аман болыңыз Бауыржан аға!», - деп ризашылығын білдірген боксшы қыз.