«Министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді»: Президент аграрлық саясатты сынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде аграрлық саладағы субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұқтандыру керегін айтты.

«Біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай отыр. Министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға адал жұмысты жоспарлау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес, субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек», – деді Мемлекет басшысы.

«Келесі мәселесі, соңғы 5 жылдың өзінде субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Нормативтік негізін нығайтып, тиімді жоспарлау және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу қажет. Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуы тиіс. Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек», – деді Президент.

Back to top button