ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.

Парламент үйінде өтіп жатқан іс-шара республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Бүгінгі жиынға Мәжілістің 107 депутатының 102-і және Сенаттың 49 депутатының 47-сі қатысып отыр.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

 

Back to top button