Министр 1 сынып оқушыларына «Әліппе» табыстады

Министр 1 сынып оқушыларына «Әліппе» табыстады

Министр 1 сынып оқушыларына «Әліппе» табыстады
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғашқы қоңыраудың салтанатты шарасына қатысты. Биыл министрдің қатысуымен білім күнімен құттықтау шарасы Ақмола облысы Қосшы қаласындағы №2 орта мектеп оқушыларына бұйырды. Аталған мектепте 4886 оқушы бар. Оның ішінде 635 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. «Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар. Білім күнімен құттықтаймын. Пандемияға байланысты 1,5 жылдай қашықтан оқуға тура келді. Биылғы оқу жылын дәстүрлі түрде оқудың сәті түсті. Жалпы ел бойынша 7500 мектепте 3 млн 600 бала жаңа оқу жылын бастап отыр. 1 қыркүйек, әсіресе мектеп табылдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Қашықтан оқу білім алу процесінің маңызы мен ондағы мұғалімнің рөлін айқын көсетіп берді. Біздің ұстаздар пандемияға қарамастан онлайн форматқа тез бейімделіп балаларымызға білім берді. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі, 1 сыныпқа Әліппені қайтарып отырмыз. Әліппенің негізі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне сай қаланған. Бұл бұрыннан бар дүние біз оны жаңғыртып отырмыз. Осылайша еліміздегі барлық бүлдіршіндер алғаш рет Әліппені қолдарына ұстап отыр. Жаңа оқу жылы табысты болсын«, - деді А. Аймағамбетов салтанатты шарада. Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы 1 сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын табыс етті. Айта кетсек, биыл алғашқы қоңырау шарасы ел көлемінде эпидахуалға байланысты тек 1 сынып оқушыларының қатысуымен өтіп жатыр.