«Есін жоғалтқан»: Аты аңызға айналған Пеле ауруханаға түсті

«Есін жоғалтқан»: Аты аңызға айналған Пеле ауруханаға түсті

«Есін жоғалтқан»: Аты аңызға айналған Пеле ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Бразилиялық футболшы Пеле 31 тамыз, сейсенбі күні таңертең ауруханаға түсті, – деп жазды ҚазАқпарат O Dia-ға сілтеме жасап. Бразилиялық БАҚ-тың мәліметінше, 80 жастағы футболшы есін жоғалтқан. Пеленің денсаулығының нашарлау себептерін анықтау үшін оны Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы аурухананың қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырған. Кейінірек Пеле өзінің Twitter-інде есін жоғалтқанын, бірақ қазір өзін жақсы сезінетіні туралы жазды. Ол қазіргі кезде коронавирус пандемиясынан жоспарлы тексерістен өтіп жатқанын айтты. Футболшы тіпті келесі жексенбіде алаңға шығатынын айтып әзілдеді. Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) Бразилияның құрамында әлем чемпионатын үш рет жеңген. Ол Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жүз жылдықтың ойыншысы атанды.