Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды
Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы жеке парақшасында хабарланады.
63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Елнұр финалда Үндістан боксшысы Ваншаджбты 5-0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атағын иеленді.