Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды

Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы жеке парақшасында хабарланады.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Елнұр финалда Үндістан боксшысы Ваншаджбты 5-0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атағын иеленді.

240944744 541714823727671 8986463724420646931 n

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемионатында 12 медаль ұтып алған болатын: сегіз алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, олар жалпыкомандалық есепте топ жарды. Үздік үштікті Өзбекстан мен Үндістан құрамасы түйіндеді.

Back to top button