Президент Жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі

Президент Жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі

Президент Жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы ертең сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. «Ертең, 1 қыркүйекте, сағат 11:00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды. Жолдау еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды. Іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады», - делінген жазбада.