Ақын Маралтай Райымбекұлы Жамбыл облысының әкіміне ұсыныс айтты

Ақын Маралтай Райымбекұлы Жамбыл облысының әкіміне ұсыныс айтты

Ақын Маралтай Райымбекұлы Жамбыл облысының әкіміне ұсыныс айтты
ашық дереккөзі
Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа ұсыныс жолдады. Онда жақында қайтыс болған белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, шығармашылықпен айналысқан ғимаратта музей ашу туралы айтылған.  «Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Несіпбек Дәутайұлының есімін ұлықтау парыз деп білеміз. [caption id="attachment_154219" align="alignnone" width="1200"] width= Несіпбек Дәутайұлы[/caption] Өзіңіз жақсы білесіз, Несіпбек Дәутайұлы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) орта мектепті аяқтап, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң бүкіл саналы ғұмырын Жамбыл өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға арнады. Әр жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші қызметтерін атқарды. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болды. Өмірінің соңына дейін өзі Бас редакторлық еткен «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналын шығарды. Несіпбек Дәутайұлы Тараз қаласында тұрып-ақ, күллі еліміздегі әдеби-рухани айналымға өз үлесін қосқан қаламгер. Жамбыл өңіріндегі аға буын қаламгерлерге жанашыр, ал жас ақын-жазушыларға ақылшы бола білді. Сол Несіпбек Дәутайұлы ағамыздың соңғы демі үзілген, қаншама жыл күні-түні мекен етіп, қаншама ұлы туындыларын дүниеге әкелген аядай екі бөлмедегі әр зат, әр қағаз бен қалам тұрған қалпында мұражайға айналуға тиісті! Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! Өзіңіз іскер басшы, әрі ұлт руханиятының жанашыры ретінде ұсынысыма қолдау білдіруіңізді сұраймын!» делінген М.Райымбекұлының жазбасында.