Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақорданың ресми сайтына Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды.

М.К. Бектановты тағайындау туралы 2021 жылғы 31 тамыз Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 31 тамыз № 649 Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

 

Back to top button