Қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей қызметінен кетті

Қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей қызметінен кетті

Қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Алматыда қарамағындағы қызметкерге қол көтерген полицей жұмыстан босатылды. Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, Полиция департаментінде жедел тәртіптік комиссия отырысы өтті. «Комиссияның шешіміне сәйкес, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қ. Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» нормаларын бұзатын әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды», - деді ол. Сонымен қатар, осы басқарманың бірқатар басшысы қызметінен кетті. Қанат Таймерденов қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы - билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.