Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға өтініш беруге дайын екендігі туралы айтқан болатын.

Back to top button