Түркістанда белгілі сықақшы Ермахан Шайхыұлының кеші өтті

Түркістан облысында жазушы, журналист, публицист, белгілі сықақшы Ермахан Шайхыұлының «Түркістаным – Мысыр шаһарым» атты әдеби кеші өтті. Іс-шарада жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Жиын барысында Ермахан Шайхыұлына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Даулетұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың және Түркістан қаласы әкімінің Нұрбол Тұрашбековтың құттықтау хаттары мен кәдесыйлар табысталды.
Өз кезегінде кештің жүргізушісі, Журналистер, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі А.Пашанова мерейтой иесінің әдебиет әлемінде алатын орны жайында өзінің пікірін білдіріп, құттықтауын жеткізді.
«Ерекең түлеп, түрленіп жатқан Түркістанның әрбір жаңалығына жас балаша қуана біледі. Ерекең өзін Түркістаннан шыққан дарын ретінде мойындатқан жан. Ерекеңнің Түркістан мәдениеті мен өнер саласында ізі қалған десек қателеспейміз. Алғаш рет «Түркістан тынысы» телеарнасын ашқан журналист те өзі», – деді А.Пашанова.

240893920 1009592066455743 4957110681603535297 n
Мерейтой иесін әріптестері – 31 арнаның Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ерлан Қуандықов, «Turkistan Media” холдингінің атқарушы директоры Тельман Бейсен және зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ, Дүние таланттары Одағының президенті Дана Даулетова Ермахан Шайхыұлына Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай “Абай” медалін тақты.
Зиялы қауым өкілдері мен көзі қырақты оқырмандар бас қосқан кеште мерейтой иесінің шығармашылығынан сахналық көріністер қойылып, арнайы деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, кештің қадірлі қонағы ҚР Композиторлар одағының Түркістан облысы бойынша төрайымы Құралай Сәтмұханбетова өзінің төл туындысы «Ауылға барамын» әнін шырқады.
Кездесу соңында Е. Шайхыұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.

240848553 1009591379789145 4160946296257676401 n
«Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» – деп бекер айтпаған ғой. Менің туған жерім — Түркістан қаласы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңында, күні кеше ғана Түркі дүниесінің рухани астанасы атанып жатқан тұста Түркістан қаласы күннен-күнге өсіп, өркендеп, дамып келе жатыр. Тек қана жергілікті түркістандықтар ғана емес, бүкіл қазақ елі қаланың дамығанын, күн санап түлеп келе жатқанын көріп, қуанудамыз. Түркістанға әлемнен арнайы туристер келіп, көңілдері марқайып жатыр. Ал, енді осы туған жердің түлегі деп, «Ұлы дала елі» мұражайында арнайы менің шығармашылық кешімді ұйымдастыруға атсалысып жатқан Түркістан облыстық, қалалық әкімшіліктің басшыларына және ел- жұртқа, осы мекеме басшыларына алғысымды білдіремін. Түркістан түлеп, өсіп-өне берсін. Еліміз аман болсын», – деді Е. Шайхыұлы.

Back to top button