Сарыағашта жоғалып кеткен жасөспірім қыз Шымкенттен табылды

Сарыағашта жоғалып кеткен жасөспірім қыз Шымкенттен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірім қыздың анасы қызын өз бетінше екі күн іздеп, таппағаннан кейін, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторы Бақдәулет Тастанбеков жоғалған жасөспірімнің туыстарынан, сыныптастарынан сұрастырып, білуі мүмкін деген барлық таныстарынан жауап алады. Осылайша, жинақталған ақпарат көздері арқылы аз уақыттың ішінде қыздың Шымкент қаласында жүргенін анықтады. Полицей іссапармен мегаполиске барып, қыздың нақты жүрген мекенжайын анықтап, аман-есен тауып, отбасына қайтарды, – деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, жас қыз отбасында болған түсінбеушіліктен кейін үйінен шығып кеткен. Содан Шымкент қаласында танысының қасында жатақханада болған.

Back to top button