Жаңалықтар

АҚШ Ауғанстаннан әскерін толықтай шығарды

ашық дереккөзі

АҚШ Ауғанстаннан әскерін толықтай шығарды

АҚШ Ауғанстаннан әскерін толықтай шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби мен теңіз жаяу әскері генералы Кеннет Маккензи брифингте америкалық әскери қызметкерлер отырған соңғы ұшақтың Кабул әуежайынан ұшып шыққанын растады. Америкалықтар мен тәлібтер арасындағы келісім бойынша, әскери қызметкерлерді эвакуациялау 31 тамыз күні аяқталуы тиіс болды. ВВС тілшісі Лиз Дусет тәлібтердің біршама уақыт бұрын желіде арнайы жасағының американдықтармен кездескен фотосуреттерін жариялағанын жазды, алдын ала болжам бойынша, бұл әуежайды тапсыру процесі болған.