Қаза тапқандар саны 15-ке жетті: Жарылыс орнынан ТЖМ қызметкерінің денесі табылды

30 тамыз, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Қаза тапқандар саны 15-ке жетті: Жарылыс орнынан ТЖМ қызметкерінің денесі табылды

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 15-ке жетті.

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович екені анықталды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Мәйітті марқұмның туыстары таныды. Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.