Жаңалықтар

"Жарылатын нәрсе бар ма?" деп екі рет сұрадым, "жоқ" деді - Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы

ашық дереккөзі

"Жарылатын нәрсе бар ма?" деп екі рет сұрадым, "жоқ" деді - Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өртті сөндіруге барған қызметкерлердің бейнежазбасы тарап жатыр. Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Мұхаметжанов екі мәрте жарылғыш зат бар-жоғын сұрап, нақтылап алғанын, екеуінде де ешқандай жарылатын нәрсе жоқ деген жауап алғанын айтады. Бейнежазбаны журналист Ирина Советжанқызы instagram-дағы парақшасында жариялады. Алдыңғы видеодағы Алмаздың, "қарауыл бастығы айқайлап мені тауып алып, цементтің артына тастап, келесісін құтқаруға кетті" деген азамат осы — қарауыл бастығы Мұхамеджанов. Өрт сөндірушілердің алғашқысы болып, оқиға орнына барған. "Бара сала барлау жасаймыз, старшина кім деп сұрап, жарылатын зат бар ма деп сұрадым, жоқ, — деді". Алғашқы дауыстар шыға бастағанда, тағы сұраған. Жоқ, деген жауап алыпты." Тоқтаусыз су келсе де, ол өртті өшіре алмас едік. Жарылғыш зат бар жерге бізді жақындатпауы керек еді" — дейді Байзақ ауданы, 8-өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Мұхаметжанов, - деп жазылған бейнежазба мәтінінде.