«Жарылатын нәрсе бар ма?» деп екі рет сұрадым, «жоқ» деді – Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өртті сөндіруге барған қызметкерлердің бейнежазбасы тарап жатыр.

Өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Мұхаметжанов екі мәрте жарылғыш зат бар-жоғын сұрап, нақтылап алғанын, екеуінде де ешқандай жарылатын нәрсе жоқ деген жауап алғанын айтады.

Бейнежазбаны журналист Ирина Советжанқызы instagram-дағы парақшасында жариялады.

Алдыңғы видеодағы Алмаздың, «қарауыл бастығы айқайлап мені тауып алып, цементтің артына тастап, келесісін құтқаруға кетті» деген азамат осы — қарауыл бастығы Мұхамеджанов. Өрт сөндірушілердің алғашқысы болып, оқиға орнына барған. «Бара сала барлау жасаймыз, старшина кім деп сұрап, жарылатын зат бар ма деп сұрадым, жоқ, — деді». Алғашқы дауыстар шыға бастағанда, тағы сұраған. Жоқ, деген жауап алыпты.» Тоқтаусыз су келсе де, ол өртті өшіре алмас едік. Жарылғыш зат бар жерге бізді жақындатпауы керек еді» — дейді Байзақ ауданы, 8-өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Мұхаметжанов, – деп жазылған бейнежазба мәтінінде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Back to top button