"Артында 3 баласы қалды": Жарылыстан қаза тапқан 14-адамның кім екені белгілі болды

"Артында 3 баласы қалды": Жарылыстан қаза тапқан 14-адамның кім екені белгілі болды

"Артында 3 баласы қалды": Жарылыстан қаза тапқан 14-адамның кім екені белгілі болды
ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан қаза тапқан 14-адамның кім екені белгілі болды. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы өзінің instagram-дағы парақшасында жазды.

Бұл - Саят Әлімбеков, офицер-майор. Кеше апат орнынан 14-ші адамның денесі табылды деген ақпарат тарағанымен, кім екені айтылмады. Кеше түстің кезінде табылған азамат — офицер-майор Әлімбеков Саят Жанатұлы.1985 жылғы. Ол 28349 әскери бөлімінің офицер-майоры екен. Саяттың артында үш баласы қалды, үлкені 6 сыныпқа барады, жалғыз ұлы биыл 1 сыныпқа аяқ басады екен. Марқұмның достары, қызмет бабында опат болған азаматтың аты-жөні айтылмай жатқанына наразы, - деп жазды Ирина Советжанқызы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)