Еліміздің кей аймағында үсік жүреді

Еліміздің кей аймағында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Нұр-Сұлтанда 31 тамыз-2 қыркүйек аралығында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Елорда тұрғындары бұл туралы СМС-хабарлама алды.

Одан бөлек еліміздің бірқатар өңірінде де тура осындай ауа-райы болады.

«2-3 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді.
2 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында 2 градус үсік жүреді.
2 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында 2 градус үсік жүреді.
2 қыркүйекке қараған түні Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді.
2-3 қыркүйекте, түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында 2 градус үсік жүреді», – деп толықтырды синоптиктер.

Back to top button