Алматыда 22 жастағы қыз стоматологияда қайтыс болды

Алматыда 22 жастағы қыз стоматологияда қайтыс болды

Алматыда 22 жастағы қыз стоматологияда қайтыс болды
ашық дереккөзі

Алматыда 22 жастағы қыз стоматологияда қайтыс болды.

Ол қыз ақыл тісін жұлғызып, тістерін ретке келтірмек болған, - деп хабарлады sputnik.kz. Жалпы алғанда, қызметтің құны 420 мың теңге болған. Операция алдында пациент жақындарымен сөйлескен. Алайда, ол бұдан соң үйіне оралмаған. 6 сағаттан кейін қыздың қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнында полиция инспекторы болған және оның жанында дәрігерлер екі сағат бойы қызды қайта тірілтуге тырысқандарын айтты, бірақ бұл мүмкін болмаған.
"Аталған факті бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді. Тергеу Департаменттің бақылауында", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.