Мейрамхананың жанынан табылған «снарядтар» қауіпсіз – Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарап жатқан мейрамхананың жанынында сақталған снарядтарға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, ол – снарядтар емес, металл сынықтары.

«Бұл – оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық алаңдағы сауда-саттық арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Ешқандай қауіп төндірмейді», – деп сендірді министрлік.

«Тексеру барысында өндірістік база «Бақтияр-Group» ЖШС-не тиесілі екені анықталды. Оның аумағында сынықтар (күйдірілген металл, болат және шойын металл) сақталған. Аталған металды «Бақтияр-Group» ЖШС 30.03.2021 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында «Қазтехнология» АҚ металл қоймасынан жасалған шартқа сәйкес сатып алды», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі 26 тамызда өрт шыққан Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында мұндай оқ-дәрілер сақталмағанын атап өтті.

Back to top button