Мейрамхананың жанынан табылған "снарядтар" қауіпсіз - Қорғаныс министрлігі
Мейрамхананың жанынан табылған "снарядтар" қауіпсіз - Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарап жатқан мейрамхананың жанынында сақталған снарядтарға қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, ол - снарядтар емес, металл сынықтары.
"Бұл - оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық алаңдағы сауда-саттық арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Ешқандай қауіп төндірмейді", - деп сендірді министрлік.
"Тексеру барысында өндірістік база "Бақтияр-Group" ЖШС-не тиесілі екені анықталды. Оның аумағында сынықтар (күйдірілген металл, болат және шойын металл) сақталған. Аталған металды "Бақтияр-Group" ЖШС 30.03.2021 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласында "Қазтехнология" АҚ металл қоймасынан жасалған шартқа сәйкес сатып алды", – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі 26 тамызда өрт шыққан Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында мұндай оқ-дәрілер сақталмағанын атап өтті.