Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздар 13 медаль жеңіп алды

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздар 13 медаль жеңіп алды

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздар 13 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық қыздар он үш медаль алды. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс, 3 қола алды. Жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Виктория Байдукова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Аружан Жаңабаева (66 келі) және Үміт Әбілқайыр (81 келі) чемпион атанды. Виктория Байдукова пен Үміт Әбілқайыр үндістандық Анчал Саини мен Санжананы тізе бүктірді. Ал Виктория Байдукова мен Аружан Жаңабаева өзбекстандық Гүлдана Тілеубергенова мен Санобар Бозорбоеваның осал тұсын тапты. Күміс медаль алғандар қатарында Еңлік Бостыбаева (50 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Әсем Таңатар (60 келі), Әйгерім Қабдолда (63 келі), Ақжан Түркістанова (75 келі) мен Шұғыла Рысбек (81 келіден жоғары) бар. Қазақстан құрамасынан Елнұр Тұрғанова (46 келі), Анита Адишева (48 келі) и Бақыт Сейдиш (70 келі) қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте Үндістан бірінші орынға шықты, олардың еншісінде 6 алтын, 4 күміс, 3 қола бар. Үздік үштікті 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен Өзбекстан түйіндеді. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жасөспірім боксшылар 12 медаль алды.