Паралимпиада: Қазақстан құрамасы 32-орында келеді

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 32-орында келеді.

Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына төрт медаль түсті.

Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, парадзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер болды. Одан кейін парадзюдошы Теміржан Дәулет те күміс медаль алды. Бүгін олардың қатарын парадзюдошы Зарина Байбатина толықтырды. Осылайша Қазақстан 1 алтын, 3 күміспен жалпы командалық есепте 32-орынға жайғасты.

Медаль алу бойынша Қытай көш бастап тұр. Оның еншісінде барлығы 103 (45 алтын, 29 күміс, 29 қола) медаль бар. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания – 60 (23-19-18), АҚШ – 40 (15-16-9) медальдан еншілеген.

Back to top button