Паралимпиада: Ержан Сәлімгереев финалға шықты

Паралимпиада: Ержан Сәлімгереев финалға шықты

Паралимпиада: Ержан Сәлімгереев финалға шықты
ашық дереккөзі
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада қазақстандық Ержан Сәлімгереев финалға шықты, – деп жазды Sports.kz. Ержан Сәлімгереев 50 метрлік баттерфляй жарысында 33.14 нәтиже көрсетіп, тобында үшінші, ал жалпы есепте жетінші болып мәреге жетті. Енді ол финалда бақ сынайды. Ақтық сын жарысы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:51-көрсетіледі. Еске салсақ, қазірге дейін Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Олардың қатарынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанса, парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс жүлдегер болды. Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.